2020 жылғы 8 ақпанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» Жарлыққа қол қойды. «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары мен оның сипаттамасы бекітілді.
Конституцияның үстемдігін қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының конституциялық негіздерінің қалыптасуы мен дамуына, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарын көтермелеу мақсатында осы мерекелік медаль тағайындалды.
 

медаль