2020 жылғы 15 мамырда Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Қазақстандық конституционализм: тарих және қазіргі заман сабақтары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын қашықтық форматында өткізді.

Конференцияда Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі Унзила Шапак, Ресей Федерациясы, Италия, Болгария сияқты жақын және алыс шет елдердің жетекші ғалымдары, Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жетекші ғалымдары, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Шәкәрім атындағы СМУ сияқты еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары қатысты.

Конференция барысында Конституциялық Кеңестің мүшесі Унзила Шапак «Отбасын және балалық шақты конституциялық құндылықтар ретінде қорғау мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Сарапшылар мен ғалымдар конституционализмді дамытуға бағытталған ғылыми зерттеу тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияға қатысушылардың тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар құқықтық жүйесі дамыған мемлекеттерде конституциялық заңдылықты одан әрі нығайту мәселелері үлкен қызығушылықтарын тудырды.

Конференцияның бейнематериалдарын конференцияның ресми YouTube каналынан сілтеме бойынша танысуға болады https://www.youtube.com/channel/UCX4PsZ3N-rNBAOFwm0y39tQ.