2020 жылғы 29 мамырда Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-форум болды. Форумды Конституциялық Кеңес және Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университеті ұйымдастырды.
Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Оның жұмысына Конституциялық Кеңестің мүшелері В. А. Малиновский, Ә. А. Темірбеков, У. Шапақ және Конституциялық Кеңес Аппаратының бөлім меңгерушісі М. Қ. Бадалиев, көрнекті отандық және шетелдік мамандар, атап айтқанда, ресейлік конституционалист ғалымдар - Ресей Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстарды дайындау жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, сондай-ақ отандық ғылыми ортаның, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, халықаралық ұйымдардың, бизнес қоғамдастықтардың және құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты.
Форум барысында Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. А. Темірбеков Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ.Ә. Мәмидің форумға қатысушыларға арналған құттықтау сөзін жариялады. Сонымен қатар, Ә.А. Темірбеков және  М. Қ. Бадалиев баяндама жасады.