Конституциялық Кеңес Аппаратының басшысы Б.Нұрмұханов С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің екінші курс студенттеріне онлайн режимінде дәріс оқыды.
«Қазақстан Республикасындағы конституциялық бақылаудың конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбы аясында конституциялық әділет төрелігінің қалыптасу және даму тарихына, Конституциялық Кеңестің құқықтық құндылықтарды орнықтыру жөніндегі қызметіне назар аударылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығында өткізіліп жатқан іс-шараларға ерекше назар аударылды.