2020 жылғы 6 наурызда Алматы қаласында Конституциялық Кеңестің Төрағасы Қ. Мәми «Конституция және Қазақстан халқы Ассамблеясы – тұрақтылық, жаңғырту және бірліктің негізі» тақырыптағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Бұл іс-шара Республика Конституциясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық іс-шаралар жоспары аясында өтті.
Форумды Конституциялық Кеңес пен Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры Атқарушы директорының орынбасары И.И. Рогов, мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ еліміздің белгілі ғалымдары қатысты.
Қ. Мәми өзінің құттықтау сөзінде атап өткендей, әлеуметтік прогрестің Конституциялық қағидаттары мемлекет, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар арасында олардың өзара іс-қимыл мәселелері консенсус, құқық үстемдігі қағидаттары негізінде өркениетті әдістермен шешілуі тиіс өзара қарым-қатынастардың болуын көздейді. Мұндай режимге демократиялық басқару әдістері мен адам тұлғасын құрметтеу тән. Бұл тәсілдер мемлекеттілікті дамытудың қазіргі кезеңінде де өзекті, осыны Қордайда орын алған соңғы оқиғалар растайды. Біздің ортақ мақсатымыз – мемлекетіміздің басты байлығы: қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтау және арттыру болып табылады.