Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. А. Темірбеков 2020 жылғы 27-28 ақпанда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25-жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы және оның мемлекет пен қоғамның дамуындағы маңызы» атты тақырыптағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың және сот корпусының өкілдері, сондай-ақ көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар қатысты.
Форумда Конституциялық Кеңестің мүшесі Ә. Темірбеков «Конституция - Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың негізі» атты тақырыпта баяндама жасады. Қатысушыларға Конституциялық Кеңес дайындаған Конституцияның мерейтойына арналған іс-шаралар туралы ролик көрсетілді.  
Іс-шара аясында қатысушылар Республика Конституциясының 25 жылдығына арналған тақырыптық көрмеге қатысып, осы тақырып бойынша фильмдер көрді.
 
Международная научно-практическая конференция  в г. Актобе, посвященная 25-летию Конституции Республики Казахстан